МәдениетРухани жаңғыру
ӘКЕ-ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
19 маусым күні Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия Хатшылығы және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Әке – отбасының тірегі» атты Әкелер күніне арналған облыстық форум өтті.
Шараның мақсаты — әкелер институтын нығайту, олардың отбасындағы рөлін арттыру, тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу.
Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов облыстағы әкелердің жетістіктері мен ұрпақ тәрбиелеуде кездесіп жатқан мәселелерге тоқталды.
Шара барысында отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана институтын нығайту және қоғамдық істерге белсене араласып, көпке үлгі боларлық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген, үлгілі әкелер облыс әкімі А.Шахаровтың алғыс хатымен марапатталды.
Олардың қатарында аудандық ауруханасының тіс дәрігері Жәнібек Омаров, аудандық білім бөліміне қарасты әдіс — темелік кабинетінің әдіскері Әбілхан Ажниязов бар.