Рухани жаңғыру

СӨЗІНДЕ ТҰРҒАН ДЕПУТАТ «НҰР ЖЕБЕНІ» БЕЙБАРЫСҚА ЖЕТКІЗДІ

Осыдан үш ай бұрын «Папа, Хан торыны құтқар!» - деген балақайдың дауысы әлеуметтік желіні шарлап кеткен-ді. Бұл ауылды су басқанда жан дауысы шығып әкесіне хабарлама жіберген екпеталдық үш жасар Бейбарыстың даусы еді...

Төтенше жағдайдан кейін елдегі ахуалды білуге келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев Бейбарыс балақайға өзінің «Нұр жебе» атты сәйгүлігін сыйлайтынын айтқан еді.
Өткен аптада Ойылға кезекті сапарында халық қалаулысы Қазыбек Әлішев осыған дейін талай бәйгеде топ жарған «Нұр жебені» Бейбарыстың әкесі Бекзатқа арнайы әкеліп табыстады.
Тұлпарларың бәйгелі болсын,
Аттарың алты Алашқа әйгілі болсын!
Бейбарыс балам, шабандоз болып,
Атының тұяғы сүрінбесін! – деп батасын берді.
Р.S Ағылшын тұқымды тұлпарды Қазыбек мырза өзі кезінде 15 мың АҚШ долларына сатып алыпты.

Басқа жаңалықтар