ӘлеуметБасты тақырып
ЖАҢА ҮЙЛЕРГЕ ЖОЛ САЛЫНДЫ

Су тасқынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа үйлердің құрылыс ауданында автомобиль жолының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні “Запказпромстрой” ЖШС-і жолдың асфальт жабындысының төсеу жұмыстарын жүргізуде. Көшенің ұзындығы — 3,5 км.
Жоба аясында тротуар, жол белгілерін орнату, су өткізу құбырлары да қарастырылған.