Әлеумет
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні Этноауылда өтеді
Көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар «Арғымақ» ат спорты кешенінде және «Қазанат» ипподромында орналастырылады. Бұл жерде барлық қатысатын жануарларға орындар дайындалды.
Дәстүрлі «Құсбегілік» аңшылық өнер сайысына 45 жуық құс қатысады. Бұл ұлттық құраманың құстары, сондай-ақ Моңғолия мен Қырғызстаннан қырандар, сұңқарлар мен қаршығалардың келеді деп күтілуде. Құстар Астаналық циркте орналастырылады. Көшпенділер ойындарына қатысатын жануарларды орналастыруға арналған барлық орын қажетті ветеринариялық-санитарлық стандарттарға сай келеді.
«Ойындардың жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні Этноауылда өткізіледі. Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын келесі қабылдайтын ел белгілі болды. 6-шы Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын Өзбекстан өткізеді деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда 89 елден қатысуға өтінімдер алдық. Көшпенділер ойындары – бұл бүкіл әлем үшін жаңа және қызықты құбылыс, сондықтан оған деген қызығушылық артып келеді», – деді ведомство өкілі.
Бүгінде Ойындардың географиясы кеңейді, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына алғаш рет қатысатын елдер де бар. Он жыл ішінде әлемдік Ойындарға алғаш рет барлық құрлықтан елдер қатысты. Мысалы, қатысушы елдер арасында Қазақстанға келетін ең алыс ел Австралия болмақ. Жаңадан қатысатын елдер арасында Венесуэла, Ирландия, Гамбия сынды мемлекеттер бар.