Әлеумет
АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб аудан тұрғындарымен кездесті
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕ ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ КҮШЕЙІП БАРА ЖАТҚАНЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУҒА БАСА МӘН БЕРУ КЕРЕКТІГІНЕ ТОҚТАЛЫП ӨТКЕН БОЛАТЫН. ОЛ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫНЫҢ ҚАМЫ ҮШІН САЛЫНАТЫН АТОМ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ ТУРАЛЫ БАРЫНША БАЙЫПТЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БІРЛЕСІП ҚАНА ЖАСАЛУҒА ТИІС ДЕДІ.
Осы орайда бүгін аудандық мәдениет үйінде АЭС салуды қолдау жөніндегі Ойыл аудандық халықтық штаб мүшелері аудан тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында Штаб мүшелері атом энергиясын пайдалану мен салудың артықшылығы туралы айтты.
«АЭС салу – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі екенін айрықша атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы бар, осы уақытқа дейін оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. АЭС құрылысы бұл мәселені шешіп, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған»-, деп атап өтті Штаб төрағасы «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркін Жиеналин.
Ол озық елдердің тәжірибесін мысалға келтірді. Қазір әлем бойынша 415 ядролық реактор жұмыс жасап тұр. Тағы 60 реактордың құрылысы жүріп жатыр. Ең көбі АҚШ-та, Францияда, Қытайда, Ресейде, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда орналасқан. Атом электр станциялары 60-100 жылға дейін жұмыс жасауға қауқарлы.
Жиынды қортындылаған Штаб мүшелері 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды.