Әлеумет
АНА ТІЛІМ — АРДАҚТЫМ
Қазақстандағы Тілдер мерекесі - елдің мәдени және тілдік әралуандығын ардақтау мен нығайтуға арналған ерекше мейрам. Маңызды мереке жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтіледі.
Осы орайда Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай коворкинг орталықта «Ана тілім-ардақтым» атты салтанатты шара өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев көпшілікті мерекемен құттықтады.
5 қыркүйек — Қазақстан Халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл жанашыры» номинациясымен Ойыл ауданының білім бөлімінің әдіскері Г.Жарбакиева, Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің жетекші маманы А.Кереева, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.Бақытжанова, Ойыл аудандық сотының судьясы А.Төремұратова және Саралжын ауылдық округі аппаратының бас маманы А.Аманғалиқызы аудан әкімі А.Қазыбаевтың алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлықтары табысталды.
Қазақстан Халқы тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тілі бірдің тірлігі бір» атты аудандық эссе жазу байқауының жүлдегерлері І орын М.Тәттіғалиева, ІІ орын А.Серікбаева, ІІІ орын Ш.Орынбасар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар кеш соңында қазақ тілі білімінің абыз анасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, жерлесіміз Рәбиға Сыздықованың туғанына 100 жыл толуына орай көрме құрылып, кітапхана қызметкерлері таныстырып өтті.
Г.АБАЙҚЫЗЫ.