МәдениетРухани жаңғыруСұхбат

Адал азамат — адал еңбек АБЫРОЙ СЫЙЛАҒАН – АДАЛ ЕҢБЕК

ЕҢБЕК – АДАМ ӨМІРІНІҢ НЕГІЗІ, ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ КӨЗІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ. ОСЫ ТҰРҒЫДАН АЛҒАНДА, “ЕҢБЕК АДАМЫ” ДЕГЕН ҰҒЫМ ЕЛ ДАМУЫНА, ӨЗ ІСІНЕ ЖАН-ТӘНІМЕН БЕРІЛІП, КӨП ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІН ҚОҒАМ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАҒАН ТҰЛҒАНЫ СИПАТТАЙДЫ. ОСЫНДАЙ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ БІРІ – ЕРБОЛАТ ҚОНАЕВ.
Ерболат Қонаев 1962 жылы Құрман совхозы, Шибұлақ ауылында дүниеге келген. 1983-1984 жылдары Алматы қаласындағы СПТУ колледжінде электромонтер мамандығы бойынша оқып, 8 айлық курсты тәмамдады. Мамандығын игергеннен кейін туған ауылына оралып, еңбек жолын бастады. Сол кезден бастап еңбекке ерте араласып, өзінің туған жерінің электр жүйелерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Ерболат ағамыздың өмір жолы қарапайым еңбек адамының үлгісі ретінде үлкен құрметке лайық. 1984 жылдан бастап, яғни тура 40 жыл бойы Ойыл ауданындағы “Энергосистема” ЖШС-нің электр жүйелерінде электромонтер болып абыройлы еңбек етіп келеді.
Оның еңбегі тек электр сымдарын жалғап, ауыл тұрғындарын жарықпен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар қоғамның ілгері басуына қосқан зор үлес болып табылады. Электр энергиясы – қазіргі заманда өмірдің негізі, ал оны қамтамасыз ететін электромонтерлардың еңбегі көбіне елеусіз қалатыны рас. Еңбек адамының қадірін білген қоғам, әрине, Ерболат Қорбанұлының еңбегін де лайықты бағалады.
Оның аудан, облыс әкімдіктерінен, мекеме басшылығынан алған Алғыс хаттары мен мақтау грамоталары – оның күнделікті жұмысына деген адалдығының айқын дәлелі. Еңбегі бағаланған азаматтың жетістіктері тек мекеме мен жергілікті басқару органдарының деңгейінде шектелмейді. Ел Президентінің Жарлығымен үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Бұл марапат – оның еңбегінің ел көлемінде мойындалғанының белгісі. Ерболат Қонаевтың көпжылдық еңбегі арқылы жастарға көрсетер үлгісі мол. Ол өзінің еңбегі арқылы жастарға қарапайым, бірақ адал еңбек пен жауапкершілік арқылы үлкен құрметке ие болуға болатынын дәлелдейді. Электромонтер мамандығының қиындығы мен қауіптілігі қатар жүреді. Кейіпкеріміз өз өмірін энергетика саласына арнап, талай қиындықтарды бастан өткерді. Бұл салада уақытпен санаспай, кез келген ауа райында –

Басқа жаңалықтар