ӘкімдікМәдениетСұхбатЭкономика

«ШЫН ЖҮРЕКТЕН» ҰСЫНЫЛҒАН ЫҚЫЛАС

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ШҰҒЫЛА» МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ МЕН АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ШЫН ЖҮРЕКТЕН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ.

Шараға аудан орталығындағы ерекше қабілеті бар жандар шақырылып, аудандық мүгедектер қоғамдық қорының төрағасы Т.Шалабаев құттықтады.
Ауданда инватакси қызметін жүргізіп отырған «Ғажап» қоғамдық бірлестігінің басшысы О. Серікқалиқызы сөз алып, демеушілік танытып, сыйлықтарын үлестірсе, «Көкжар» мешітінің бас имамы Б. Қызырұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С. Дәулетқалиевтер демеушілер тарапынан ұсынылған сый-сияпаттарды табыстады.
«Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығы жанындағы «Үкілі үміт» қызығушылық клубының мүшелеріне жеке кәсіпкерлер Р. Асылбаева, Ж. Маханова, аудандық аналар кеңесі демеушілік танытты.

Басқа жаңалықтар