Басты тақырыпМәдениет

Ұлағатты істің үлгісі

Наурыз біз үшін ұлттық мереке. Десек те, бұрын тек бір орталық алаңқайға тігілген киіз үйлер мен мекеме-кәсіпорындар қызметкерлерінің күшімен дайындалған көже тарату, сол алаңдағы мерекелік шаралармен шектелетін. Соңғы жылдары жалпыхалықтық сипат алып келеді. Былтыр бастау алған көше Наурызын биыл бірнеше отбасы бірігіп, бір аймақтың тұрғындары топтасып, көшеге киіз үй тігіп, қазан көтеріп, 22 наурыз күні нағыз мерекенің шырайын көрсетті. Сол күні аудан әкімі ынтымақ пен үлгілі іске ұйытқы болған тұрғындарды арнайы барып құттықтады. Ұлттық мерекені ұлықтап, жастарға үлгі көрсеткен тұрғындардың үлкендерімен көріскен аудан басшысы жылы лебізін жеткізіп, Наурыз көжеден дәм татты.

Басқа жаңалықтар