ӘлеуметБасты тақырып

Қысқы мал азығын қамдап алу маңызды мәселе

Өткен сенбінің жаймашуақ жайдарлы күні аудан орталығындағы ауылшаруашылық жәрмеңкесімен басталды. Жәрмеңке сөрелеріне негізінен ет, сүт өнімдері шығарылды. Сонымен бірге жәрмеңкеге мал азығы да молынан келді. Алайда жәрмеңкені арнайы аралаған аудан әкімі Асқар Қазыбаев жәрмеңке сөрелеріндегі өнімдердің бағасын нарық бағасынан сәл де болса, төменірек болуын кәсіпкерлерге айрықша ескертті. Оған қоса аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сүйіндік Өскенбаевқа қысқы мал азығын әлі де молырақ әкелу жұмыстарын жандарып, тұрғындардың қысқы мал азығын уақытында түсіріп алуына бар мүмкіндік жасауына тапсырма берді. Ендеше аудан тұрғындарының да «құлағына алтын сырға». Себебі биыл далалықтағы шөптің шығымы төмен. Сондықтан қазіргі сәтті мүмкіндікті пайдаланып қалу керек.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар