Әкімдік

Халық қалаулысының қоғамдық қабылдауы

Бүгін еліміз бойынша «Nur Otan» партиясының облыстық мәслихаттардағы фракция мүшелері өздері сайланған округтерге барып, қоғамдық қабылдау өткізді. Осындай қабылдауды бүгін «Nur Otan» партиясының Ойыл ауданындағы ғимаратында Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, жерлесіміз Талғат Салфиков та өткізіп, аудан тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдады.
Халық қалаулысының қабылдауына келгендердің дені өздерінің әлеуметтік мәселелерін алға тартса, Шығанақ Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің директоры Балқия Рысбаева көне жәдігерлердің ордасы болып отырған музей үйіне жөндеу қажеттігін және арнаулы автокөліктің қажеттігін айтса, аудандық саз мектебінің үйірме жетекшілері Бекмұхамбет Махметұлы мен Бибігүл Қашқыновалар құрылысы басталып, аяқсыз қалған саз мектебіне көмек беруін өтінді.

Басқа жаңалықтар