Әлеумет

«Food Point» Жылдам тамақ желісі ашылды

Жуырда аудан орталығында «Food Point» жылдам тамақ желісі ашылды. Ішкі келбеті көз тартатын «Food Point» заманауи үлгіде жабдықталған. Бірнеше уақыттан бері бос тұрған ғимарат қазір таңқаларлықтай өзгеріп қалған. Қазірг ғимаратта кірген адам оның ішін сәндеп, қажетті жабдықтар алуға қомақты қаржы жұмсалғанын бірден байқай алады. Өйткені қабырғаларға салынған суреттер мен жабдықтар сап түзеген солдаттай тәртіппен жинақы, әрі ерекше стильде орнатылған. «Food Point»-тың қалаушысы Алмагүл Мырзағалиева. Қараой ауылдық округінің қызы. Бұған дейін ауылынан донер орталығын ашқан бойжеткен аудан орталығынан жастарға қолайлы жағдай жасап отыр. Олай дейтін себебіміз, аудан жастарының тура қаладағыдай таңертеңгі оннан кешкі онға дейін барып, жедел тамақ желісінде тамақтанып, отыруға толықтай мүмкіндік бар. Алмагүл Әмірханқызы мейрамханалардағы тамақтың түр-түрін даярлаудың қыр-сырын толық меңгерген. Өйткені ас мәзірінде жастардың талғамына сай тамақтардың, сусындар мен шайлардың бірнеше түрі бар. Біз Алмагүлдың әзірлеген тамақтарынан дәм татып, оның жасаған тамағы тіл үйіретін шебер аспаз екеніне әбден көз жеткіздік. Өйткені оның ас мәзіріндегі тамақтарды дайындау-кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Оны жасаудың да өзіндік құпиясы бар. Қандайда бір тамақтың құрамы мен пісіру уақытының өзі аспаздың шеберлігін көрсететіндіктен ол бұл істі қазіргі таңда өз жауапкершілігіне алып отыр. Аспаздардың арасындағы ас әзірлеу құпиясын сақтау керек деген қағида бар. Әйтсе де Алмагүл қасында жүрген көмекшілеріне, тіпті осындай істі бастаймын дейтіндер болса да үйретуге қарсылығы жоқ екендігін жеткізді. Өі мен қасындағы сіңілісін қоспағанда төрт адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ Алмагүл жаңадан ашып жатқан кәсібімен қатар өзінің кітапқа жақын екенін айтып, өзін өлең шығаратын ақындық жаңа қырынан да көрсетті. Сөзіне ісі сай бойжеткен алдағы уақытта аталған кәсібін одан әрі жандандырып, халыққа қызмет көрсететіндігін ашып айтты.
«Food Point»-тың ашылу салтанатына Алмагүлдің бірқатар жерлестері қатысып, кәсібіне береке тіледі. «Food Point»-тың лентасын аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин қиып, ауданда жастардың осындай іске бел байлап кірісуінің өзі үлкен қуаныш екендігін айтты. Сондай-ақ «Food Point»-тың ашылу салтанатына келген жандар жайылған дастарханнан дәм татып, жүрек-жарды тілектерін жеткізді.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар