Басты тақырыпМәдениет

Кәдесыйлы «Төркіндеу» кеші

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ауданымыздың 100 жылдық мерейтойына орай  «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығы жанындағы «Әйел бақыты» жас келіндер клубының онлайн жобасына сәйкес қазақтың салты бойынша 28 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты, ҚР «Мәдениет қайраткері» облысқа белгілі биші , жерлесіміз Сағынова Гүлжан Ағымбетқызының «Төркіндеу» кеші өтті.

Қасиетті өнердің киелі бесігі, дарынды тұлғалардың мекені Ойылда туып-өскен,асыл қазынамыз қазақтың би  өнерімен талайды тамсандырған, мәнерлі де әсем дене қимылын музыка сазына сәйкестендіріп, ұлы жүректің жан әлемін толқытып, жеткізе білгенөнериесіГүлжан Ағымбетқызы қоржынын артып, атқа мінген қалпы аудандық мәдениет үйінежерлестеріне арналған кәделі сыйымен сусындаған  кешіне келді. Құтты қонағын аналар шашумен қарсы алып, жас келіндер сәлемін салды. Биші қыздар ардагер ұстазды ықыласпен төрге шақырды. Аудандық музыка мектебінің «Маржан» би ансамблінің орындауындағы қазақ биімен ашылған кеш қазақ халқының ұмыт қалған салтының бірі «Төркіндеу» дәстүрі туралы бейнебаянмен басталып, кеш қонағының үзеңгілес әріптестері А.Жұманов, Б.Шитанов мен шәкірті Б.Қашқынова сахна төріне шақырылды. Г.Ағымбетқызы әңгіме барысында өзінің өмір жолы, еңбек жолы, жеткен жетістіктері мен шәкірттері, ұстаздары туралы сөз қозғап, әріптестері мен шәкірті өткен күндердің естеліктерімен бөлісіп, жылы лебіздерін жеткізді. Төркіндеп келген өнер иесі өз бойындағы тума талантын жасы 70-тен асса да, өңі мен келбетін жоймаған күйі сағынып,сусап келген жерлестеріне қонақкәдесін «Ойыл вальсі», «Айжан қыз» билерін ұсынды. Елге келген Г.Ағымбетқызы ата-баба салты бойынша төркіндеудің кәдесін орындап, ел ағаларына, шәкірттері мен әріптестеріне сый-сияпатын табыстады. Өнерпаздардың өнерінен шашу шашылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген Г.Ағымбетқызына да зор құрмет көрсетілді. Аудан әкімі А.Қазыбаев құттықтап, жерлесімізге «Ойыл ауданының 100 жылдығы» медалін кеудесіне тағып, аудан әкімшілігі атынан 100 мың теңгелік сертификатын табыстады. Білім саласы бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі З.Молдашева өнердегі әріптесін мерекемен құттықтап, аудандық білім бөлімі құттықтау хаты мен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Мәдениет саласындағы  әріптестері мен шәкірттері де елге төркіндеп келген ұстаздарына құрметпен құттықтау хатын жолдап,ақ жаулық пен шапан жауып, сый-сияпаттарын табыс етті. Құшағы гүл мен ыстық ықыласқа, жерлестерінің құрметі мен қошеметіне бөленген Гүлжан Ағымбетқызы халқына қуанышы мен ризашылығын білдірді.

Басқа жаңалықтар