Әкімдік

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді.

📌 ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы.

🔷️ ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы 16 маңызды сала бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі.

🗓️ Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
2026 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы конкурсына өтінімдер қабылдауды жүргізеді.

🔷️ Конкурсқа қатысуға келесі ҮЕҰ-лар жіберіледі:
— Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ;
— 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсынған ҮЕҰ;
— Соңғы үш жылда сыйлық иегерлері болып табылмайтын ҮЕҰ.

🗓️ Сыйлықақы алуға ҮЕҰ өтінімдері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін (Астана қаласы уақытымен сағат 18:30-ға дейін) premiya2026@cisc.kz (PDF форматында) электрондық мекенжай арқылы жолданады немесе қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда DOC, DOCX, PDF форматында) қолма-қол Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжай бойынша жолдауға болады.

Өтінімді Сізге ыңғайлы тілде тапсыруға болады (қазақ немесе орыс тілдерінде).

📞 Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.

🌐 Толық ақпаратты келесі сілтемеден таба аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk

📌 Ескерту!
Өтінімді premiya2026@cisc.kz электрондық мекенжайға жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында жоғарыда көрсетілген нөмірлер бойынша міндетті түрде бізге хабарласуды сұраймыз.

Related Articles

Back to top button