ӘлеуметБасты тақырып

«Жас түлек- 2022»

Жаңа Қазақстанның ертеңі

Ойыл ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті, ұстаздарға, ата-аналарға,мектептегі достарына алғыс сезімін, туған мектепке деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында өткен бейсенбі мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға облыстық білім басқармасы өкілі Гаухар Қазиева, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қатысып, оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады. Жас түлектерге ақ жол тілеп, ағы мен қарасы қатар жүретін өмір жолында жолдарың ашық, мұраттарың биік болсын деп ізгі ниеттерін жеткізді.

Айта кетейік, биыл Ойыл ауданы бойынша мектепті 163 оқушы бітіріп, 120 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынауда. Оның ішінде 17 оқушы «Алтын белгі», 14 оқушы «Үздік аттестат» иелері.

Басқа жаңалықтар