ӘкімдікБасты тақырып

Қыстың қамы, шаруаның жайы… Бірлесіп атқарар міндет көп!

Әне-міне дегенше жаз ортасынан ауып, тамызға да тақалып қалды.  Одан әрі күздің бозбүрку күндері есік қағады. Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес, осы уақыттарда тұрғындардың қысқы дайындығын пысықтап, төрт түліктің жем-шөбін қадағалау мақсатында аудан әкімі Дастан Сағыров Ойыл селолық округі тұрғындарымен кездесті. Кезекті жүздесуде округ әкімі Дәурен Бисебаев 6 айлықтың қорытындысы бойынша баяндама жасады. Ендігі жыл аяғына дейін жасалатын жоспарлы жұмыстарды талқылаған жиында тұрғындар үшін көкейкесті мәселелер сөз болды. Солардың бірі орталықтағы көшелердің жаңаруы, тегістелуі. Соңғы екі-үш жылда орталық көшелерімізге тақтайдай тегіс жол төселіп, тұрғындардың жүрісін едәуір жеңілдетті. Аудан әкімі қолда бар кезде мердігерлердің арнайы техникаларын пайдаланып Шернияз, Сәтбаев, Желтоқсан көшелерін жөндеп алуды  жөн көріп отыр.

Бүгінгі таңдаға алаңдатып отырған жағдай тұрғындардың шөп сатып алуы тым баяу. Көбі құнарлы шөптің көрші облыстарға кетіп жатқанын айтады. Бұл жерде екі тарапты да түсінуге болады. Жалпы кәсіпкерлер шөпті далаға тасыды дегенімен ауданымыздың шөбі экспортқа шығуы жаман болмас. Олардың қайтарда қазіргі құрылысқа ең қажетті тасты алып келуі тұрғындарға да тиімді. Себебі одан басқа құрылыс материалдарын таситын көлік көзі жоқ ауданда. Ал, әркім қолдағы жеке малын өзі ойлауы керек. Әйтсе де тұрғындарды қысқы мал азығымен қамту үшін сатып алушы мен сатушыны ұйымдастыру, етті-сүтті аналық малдарды көбейту үшін аталық малды қосуға, көше тазалықтарын қадағалауға тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Жеке табынға аталық мал қосу биыл кенжелеп қалған. Осыған байланысты село әкімі Дәурен Бисебаев әкелінген бұқалардың кішкентайлығын, және шаруа қожалықтардың аталық малдары күтуге қосуға жарамыз болғандықтан малды қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Өткен жылы қойылған Ақшатау елді мекеніндегі сарыпқа байланысты ірі қараға қойылған шектеу алынды. Ол үшін жыл бойына 16 рет сынама жүргізілген.

Жиында тазалық мәселесі көтерілді. Қойшығұлов көшесінің тұрғыны Жұмажай үй жағындағы жыраларда тазалықтың сын көтермейтінін айтса, жас аналар балалардың су сақтау қоймасының ауласына кіріп мұнараға шығып кететін жеткізді. Ол жер қауіпті. Олардың айтуынша кішкентай балалары қанша қадағалады дегенмен 5-7 оқитын балаларға еріп сонда барады. Сондықтан әр ата ана балаларын қай жерде ойнап жүргенін бақыласа дейді. Мұндай жағдайларды қадағалау жергілікті полиция бөлімінің учаскелік инспекторларына тапсырылды.

Аудан басшысы аудандағы азық-түлік бағасынның тұрақты болуына назар аударды. Ол үшін азық-түлік қорын сақтайтын қойма жоқтың қасы. Ал ол болмаған күннің өзінде кемінде 3-4 жылыжай салынуы керек. Аудан әкімінің ауданымызға қызметке келгелі ұдайы көтеріп жүрген мәселесі де осы болғандықтан кәсіпкерлерді осы бағытқа дайындауды ұсынды.

«Жалпы  өңіріміз негізгі өнімдерді өзімізден дайындау керек. Қысқа қарай екі-үш есе қымбаттап кететін көкөністерді сатып алмас үшін өзімізден жылыжай салынса тұрғындарға тиімді болмақ. Бағаны тұрақтандырудың бір жолы да осы», — деген аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жауап берді.

С.НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар