ӘкімдікМәдениет

НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ KYHI

14 наурыз – Көрісу күніне орай Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы, «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығы, Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Ойыл ауданының мансап орталығы, Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Ойыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен Шернияз, Берсиев, Масатов көшелерінің тұрғындарына арналған наурыз мейрамы өткізілді. Шараға аудан әкімі А. Қазыбаев, ауданның ақсақалдары, ақ жаулықты аналарымыз және аудан жастары қатысты. Аудан жастарының шеруімен басталған Көрісу күні «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығы алдында ақжаулықты аналарымыздың театрландырылған көрінісімен жалғасын тапты.
Дәл осындай Көрісу күні аудандық мәдениет үйінің алдында да өтті. Шараға Ойыл ауылдық округі және ауылдық округі ғимаратындағы барлық мекемелер мен Ойыл қазақ орта мектебі, А.Қойшығұлов, Амангелді,Көкжар көшелерінің тұрғындары атсалысты. Бірі қазан көтеріп көже асса, біреулері буын бұрқыратып, бауырсақ пісіріп тұрғындарға ыссылай ұсынды.
Мерекелік шараға жиналған жұртшылыққа ақ дәм ұсынылса, халықты аудан әкімі А. Қазыбаев құттықтады. Аудан жастары ән айтып, күй шертіп, ұлттық спорттық сайыстарда бақтарын сынады. Ұлттық спорттық ойындарында жеңіске жеткен жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды. Аудан тұрғындары ұлттық тағамдарға толы жайылған дастарханнан ауыз тигізіліп, көше үлкендері жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.

Related Articles

Back to top button