Қайырымдылық — ізгі қасиет
15 наурыз - «Қайырымдылық» күніне орай Ойыл аудандық аурухана ұжымы, Желтоқсан, Тәуелсіздік, Н.Тапалова, Х.Досмұхамедов көшелерінің ұйымдастыруымен көше наурыз мейрамы өтті.

Қайырымдылық жасау адам бойындағы ізгі қасиет, туған жерге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім. Қамқорлық, ынтымақ, бірлік, жомарттық және мейірімділік туралы түсінікті кеңейту бірден-бір мақсатымыз.Шараға аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, ауданның ақсақалдары, ақ жаулықты аналары, көше тұрғындары қатысты. Шара аудан жастарының әнімен басталып, ақжаулықты аналарымыздың театрландырылған көрінісімен жалғасын тапты.
Аудан жастары ән айтып, би билеп, күй шертіп, ұлттық спорттық сайыстарда бақтарын сынады.Ұлттық спорттық ойындарында жеңіске жеткен жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды. Аудан тұрғындары ұлттық тағамдарға толы жайылған дастарханнан ауыз тиіп, көше үлкендері жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.