Экономика
Президент Жолдауын жүзеге асыру: ұлттық жұмыспен қамту жоспары 73%-ға орындалды

Мемлекет басшысының экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі ұлттық жоспарды жүзеге асырады, ол бүгінде 73%-ға орындалды.
3,3 млн азаматты жұмысқа орналастыру мақсатына қол жеткізу үшін 2029 жылға қарай кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық жобалардың мониторингі және цифрлық экожүйені дамытуды қоса алғанда, шаралар кешені іске қосылды. Жыл басынан бері 480 мыңға жуық адам жұмыс тапты.
Цифрлық экожүйе тиімді жұмыс істеу үшін негіз жасайды. Skills Enbek онлайн-оқыту платформасында 678 мың адам біліктілігін арттырды, ал ЖИ-көмекші Enbek.kz порталындағы 50 мыңнан астам бос жұмыс орындарын өңдеп, жұмыс іздеушілер үшін қызметті едәуір жеделдетті.