Әкімдік

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ КЕЗЕК КҮТПЕЙТІН МӘСЕЛЕЛЕР

Өткен аптада аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдиннің төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы М.Арыстанов, тиісті мекеме басшылары оффлайн режимінде және ауылдық округ әкімдері онлайн режимінде қатысты.
Сессия жұмысы алдымен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Бисекеновтың хабарламасын тыңдаудан басталды. Яғни, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы биылғы 26 қазан күні шығып қалған депутаттардың орнына №9 сайлау округінде өткен сайлаудың қорытындысымен таныстырып, нәтижесінде аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған Мұстафа Бисембаевқа депутат куәлігі мен төсбелгісі табыстады.
Сондай-ақ, сессия барысында Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №200 «2025-2027 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы” аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Әділхановтың хабарламасын тыңдаған депутаттар Ойыл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін бекітті. Сонымен қатар, күн тәртібінен ұсынылған мәселелер бойынша Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 124 «Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне, аудан әкімдігі жанындағы бірнеше комиссияның құрамына өзгерістер туралы ұсыныстарды мақұлдады.
Және «Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы» №5 шешімі мен аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы» №7 шешіміне өзгерістер енгізілді.

Related Articles

Back to top button