ҮШ АУЫЛДЫҢ ҮМІТІ
АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ Ш.БЕРСИЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ҚАРАТАЛ, ҚАРАСУ, ҚҰМЖАРҒАН АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ. Кездесу барысында Асқар Қазыбаев Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға жеке-жеке тоқталып, ауданның және ауылдық округтердің әр саладағы өсім деңгейімен таныстырып өтті.

Аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған және алдағы жоспарларын тыңдаған ауыл тұрғындары жергілікті жердегі бірқатар өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Қаратал ауылының тұрғындар тарапынан орталықпен қатынайтын жол мәселесі, қысқы мал азығын даярлау сынды бірқатар мәселелер қойылса, Құмжарған ауылында жеке шаруа қожалықтарының ауылдық округтің жайылымдық жерлерін тарылуына себеп болуы, газ мәселесі, үй бойынша тұрғындардан өтініштер келіп түсті. Қарасу ауылында жұмыс мәселесі, су және газ мәселелері қысқа дайындық жұмыстары талқыланды.
Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге байланысты жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.



