ВЕНА БАЛЫ – ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕРДІҢ КЕШІ

Вена балының түп тарихы Вена конгресінен бастау алады. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Венада карнавалды маусымда 250-ге дейін бал ұйымдастырылып, би фестиваліне аристократтардан бастап, қарапайым еңбек адамдарына дейін қатысатын болған. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында аудан орталығындағы 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған «VIENNESE BALL» кеші өтті. Музыкалық фестивальге 60 жұп қатынасып, жұптардың вальсімен басталған кеш әрі қарай «Жіптегі суреттер» фотолар көрмесіне ұласты. Қатынасушыларға жүрекшелер таратылып, әр қатынасушы өздеріне ұнаған фотосурет иелеріне дауыс берді. Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Г. Жеткергенқызы жастарға жүрекжарды лебізін арнады. «Трендті кәсіп» атауымен заманауи хоббиді кәсіпке айналдырып жүрген жастардың шеберлік сағаттары өтті. Жастардың әндерімен жалғасқан кеш, қызықты ойындарға, ырғақты би кешіне ұласты.
Шара соңында белсенді жастар түрлі номинациялармен марапатталды. «Үздік бозбала мен бойжеткен» анықталып, алғыс хат пен арнайы статуэтка табысталды.




