Мәдениет

«Шапағаттың» шуағы

«Өнерім өнерменен өрнектелген» тақырыбында аудандық мәдениет үйінде ауданның жас өнерпаздары, аудандық мәдениет үйі жанындағы Халықтық "Шапағат" Ешпановтар отбасылық ансамблінің мүшелері Бұлбұл Шәутенова мен Ақниет Боранбайұлының концерті өтті.

Мерекелік кеш барысында «Созвездие талантов», «ВинАрт», «Сарын» «Айналайын», «Fantastic talent» атты республикалық және халықаралық конкурс фестивальдердің жүлдегерлері, жас өнерпаздардың өмір баяны, шығармашылық жолдары туралы көрермендерге сұрақтар қойылды.
Мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары М.Айдарбаев қатынасып, өнерлерін аудан халқына жеткізе білгені үшін жас өнерпаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеп, Жастар жылына орай жуырда ғана жарық көрген «Көкжардың бүгінгі жас көшбаcшылыры» атты жинақ-кітапша мен құттықтау хат табыс етті.
Мерекелік кешке келген көрермендер концерттен жақсы әсермен көтеріңкі көңіл күйде ризашылықтарын білдірді.

Басқа жаңалықтар