Әлеумет

ӨНЕРЛІ ЖАСТАРМЕН СЫРЛЫ СҰХБАТ

Өткен аптада Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ақын Оразбек Қиынбаев және әнші, сазгер Нұркеш Жалғасбаймен кездесу өтті. Алдымен аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы сөз алып келген қонақтарға алғыс білдірді.

Әдеби кеш әдемі әңгімемен жалғасты. Жастар қонақтарға сұрақтарын қойып ашық сұхбат өтті.
Аудан жастарына үлгі боларлық осындай шаралардың басы-қасында жүрген осы кештің өтуіне ұйытқы болған талапты жас Нұрсұлтанның еңбегін де ерекше айта кетуіміз керек.
Осы екі дарынды жастың шығармашылық ынтымақтастығынан туған «Бақ» әні – олардың өз бағы болып оралды.
2024 жылдың басында жарық көрген бұл туынды қысқа уақыт ішінде миллиондаған тыңдаушының жүрегін жаулап алды.
Spotify, Shazam сияқты ірі музыкалық платформаларда үздіксіз ойнатылып жатқан әннің танымалдығы күннен күнге артып келеді. Бұл кездейсоқтық емес. Себебі әннің өзі – терең мағыналы, философиялық ой-толғамға бөлейтін, адам жанына жол табатын шығарма.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімдеміз басар екенін дәлелдеуде.
Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар.

Related Articles

Back to top button