Спорт

ХАЛЫҚ ОЙЫНЫ — ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ

Қаңтар айында Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан 15-17 жастағы жасөспірімдер мен жастар арасында облыс чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа Ақтөбе қаласы және аудандары қатынасты.

Терең ойды талап ететін тоғызқұмалақ ойыны классика, рапид және блиц түрлерінен өткізілді. Қазақтың ұлттық, дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойынына Ойыл ауданынан да команда қатысып келіп, төмендегідей керемет нәтиже көрсетті.
Классика бойынша
Серікқали Замира І орын
Сырлыбай Мерей ІІ орын
Сағынтайқызы Аяжан ІІІ орын
Рапид бойынша
Раев Бекнұр ІІ орын
Сағынтайқызы Аяжан ІІІ орын
Серікқали Замира ІІІ орын
Сырлыбай Мерей ІІІ орын
Блиц бойынша
Сырлыбай Мерей І орын
Сағынтайқызы Аяжан ІІ орын
Раев Бекнұр ІІІ орын
Чемпионаттың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының спортшылары 14 медальмен І орынға, ОЙЫЛ ауданы командасы 10 медальмен ІІ орынға және Байғанин ауданы командасы 7 медальмен жүлделі үшінші орынға ие болды. Жеңіске жеткен спортшыларды және жаттықтырушылары Қанат Сырлыбайұлы мен Нұрлан Алпамысұлын үлкен жетістіктерімен құттықтай отырып, ағымдағы жылдың наурыз айында Атырау қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына сәттілік тілейміз.

Related Articles

Back to top button