Референдум
15 наурыздағы референдум да – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын маңызды тетік.

Егер ұсынылған өзгерістер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заң үстемдігін күшейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталса, онда бұл қадам ортақ болашаққа бастар жол болмақ. Себебі халықтың қолдауына ие болған шешімдер әрдайым берік әрі өміршең болады.
Референдум – тек дауыс беру ғана емес, ол – азаматтық белсенділік мектебі. Әрбір адам өз таңдауын жасау арқылы ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Бұл – демократиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін маңызды үдеріс.
Қорытындылай келе, 15 наурыздағы референдум – ел бірлігін бекемдейтін, тұрақты даму мен әділетті қоғам құруға бағытталған қадам. Ортақ болашақ әр азаматтың саналы таңдауынан басталады.
Назгул Ешпанова
Ойыл аудандық мәслихат депутаты



