Референдум

15 наурыздағы референдум – жаңару мен жауапкершілік кезеңі

15 наурыздағы референдум – ел өміріндегі маңызды саяси белес. Бұл күн – әр азаматтың өз таңдауын жасап, мемлекет дамуының бағытына ықпал ететін сәті. Референдум арқылы халық билікке деген сенімін білдіріп қана қоймай, ел болашағына қатысты нақты ұстанымын көрсетеді.

Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан демократиялық қағидаттарды нығайтуға бағытталған түрлі реформаларды жүзеге асырып келеді. Референдум – сол реформалардың маңызды тетігі. Ол қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты күшейтіп, шешім қабылдау үдерісіне халықтың тікелей қатысуына мүмкіндік береді.

Өсербаева Салқын
Қоғам белсендікі

Related Articles

Back to top button