Әлеумет
Қайырымдылық жарысы дәстүрге айналады
Өткен демалыс күндері Егіндібұлақ ауылы жастарының ұйымдастыруымен футболдан «Қайырымдылық турнирі» өтті. Егіндібұлақ ауылының әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарына қаржылай көмек көрсетуді мақсат тұтқан жарысқа Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің командасы және Ойыл, Егіндібұлақ, Мәртөк ауылдарының жастарынан жасақталған командалар қатысты.
4 команда арасында өткен тартысты кездесуде ойылдық жігіттер өз шеберліктерін паш етті. Яғни ауыспалы кубокты жеңіп алды. Дәстүр бойынша келесі жарысты ауыспалы кубоктың иесі өткізеді. Демек, келесі жарыс Ойыл ауданында өтеді. Жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту және де қайырымды іске баулуды көздеген жарыс жастардың тарапынан да қолдау тауып отыр.