Референдум
Референдумның басты ерекшелігі – шешім қабылдау үдерісіне әрбір азаматтың қатысу мүмкіндігі.

Бұл – демократиялық құндылықтардың нақты көрінісі. Халық өз таңдауы арқылы ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайды. Мұндай қадам мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, жауапкершілікті бөлісу мәдениетін қалыптастырады.
Жаңғыру үдерісі тек саяси реформалармен шектелмейді. Ол экономикалық әртараптандыруды, әлеуметтік әділдікті нығайтуды, заң үстемдігін қамтамасыз етуді қамтиды. Референдум арқылы қабылданатын шешімдер осы бағыттағы бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, аймақтардың дамуы, азаматтық қоғам институттарының белсенділігі және жастардың қоғамдық-саяси өмірге араласуы маңызды факторға айналып отыр.
Жұбатқанов Наурызбек
Жеке кәсіпкер


