Қазақстан – тәуелсіз, егемен мемлекет.

Осындай мемлекеттің берік негізі – оның Ата Заңы. Сондықтан мен Қазақстан Республикасының Ата Заңының жобасын толықтай қолдаймын. Себебі Конституция – елдегі заңдардың бастауы, әділдік пен теңдіктің кепілі.
Ата Заңда әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Онда сөз бостандығы, білім алу, еңбек ету, денсаулық сақтау сияқты маңызды құқықтар бекітілген. Бұл – мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасайды деген сөз. Сонымен бірге, әр адам Отанын қорғауға, заңды сақтауға және басқа азаматтардың құқықтарын құрметтеуге міндетті.
Конституция еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға да үлкен рөл атқарады. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулықта өмір сүруі – Ата Заңның басты жетістіктерінің бірі. Заң бәріне ортақ, бәріне бірдей.
Рысбаева Балқия Тілеужанқызы — “Көкжар” ҚҚ директоры, зейнеткер



