Референдум

Ата Заң жобасын қолдау ең алдымен тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.

Қоғамдағы заңдылық пен тәртіп – экономикалық өсудің, әлеуметтік дамудың басты шарты. Конституциялық нормалардың жетілдірілуі мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне, азаматтардың құқықтарының сенімді қорғалуына жол ашады. Бұл өз кезегінде халықтың билікке деген сенімін арттырады.

Сонымен қатар, Ата Заң жобасы – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Құқықтық мемлекет құру жолында әрбір өзгеріс әділдік қағидаттарын нығайтып, адам құқығының басымдығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Заң үстемдігі орныққан қоғамда ғана білім мен ғылым дамып, кәсіпкерлік өркендеп, елдің бәсекеге қабілеттілігі артады.
Уайсов Алдпберген
СМИ маман

Related Articles

Back to top button