«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Ойыл аудандық коалициясы мүшелері Еркін Жиеналин мен Данагүл Майлыбаева Ойыл қазақ орта мектебінде педагогикалық ұжыммен мазмұнды кездесу өткізді. Басқосу пікір алмасу форматында өтіп, жаңа Конституция жобасының білім беру саласына ықпалы кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында ұстаздар қауымын толғандыратын өзекті мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, сапалы білім алуға кепілдік, мұғалім мәртебесін қорғау, академиялық еркіндік, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру бағыттары сөз болды. Жаңа Ата заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің күшеюі – мектеп қабырғасынан басталатын құқықтық мәдениетті нығайтуға негіз болатыны атап өтілді.
Еркін Жиеналин Конституциялық реформалардың қоғамдағы жауапкершілік пен ашықтықты арттыруға бағытталғанын жеткізсе, Данагүл Майлыбаева білім мен тәрбие – елдің стратегиялық капиталы екенін атап өтті. Ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар ашық диалогқа жол ашып, мазмұнды пікір алмасуға ұласты.
Кездесу қорытындысында коалиция мүшелері алдағы республикалық референдумның ел болашағы үшін маңызын атап өтіп, педагогтерді белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

