ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙМЫН!

Жаңа Конституция жобасы ұлттық егемендікті және халық билігінің бастапқы қағидаларын нақты бекітуге бағытталған. Құжатта халық – мемлекеттік биліктің ең жоғарғы бастауы және егеменді құқықтың иесі ретінде айқын жазылғаны маңызды. Бұл демократиялық жүйені тереңдетуге мүмкіндік береді. Халықтың өз билігін референдум мен еркін сайлау арқылы жүзеге асыруы конститутциялық деңгейде кепілденеді.
Сонымен қатар жаңа жоба халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл – тұрақты қоғам құрастырудың маңызды шарты. Азаматтардың тікелей қатысуы мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты күшейтеді. Бұл қоғамдағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. Әр адамның пікірі маңызды екенін көрсету – демократия қағидатының көрінісі.
Сондықтан мен бұл құжатты дұрыс және уақтылы деп санаймын. Референдум болса, қоғам өз таңдауын айқын білдірмек. Бұл – елдің болашағы үшін жауапты қадам.
Исатай БЕРГАЛИЕВ
Ойыл аудандық коалиция мүшесі, « AMANAT» партиясы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.

