Референдум
Көптеген елдерде референдум конституциялық өзгерістер енгізу, маңызды заңдарды қабылдау немесе мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтау үшін өткізіледі.

Мұндай жағдайларда халықтың пікірі шешуші рөл атқарады. Бұл азаматтардың мемлекет басқару ісіне тікелей қатысуының айқын дәлелі.
Сонымен бірге, референдум азаматтарды жауапкершілікке тәрбиелейді. Әрбір дауыс ел болашағына әсер ететіндіктен, адамдар өз таңдауын ойланып жасайды. Бұл азаматтық сана мен патриоттық сезімді қалыптастырады. Азаматтар өз елінің дамуына үлес қосып жатқанын сезінеді.
Утемисова Гулзира
Математика пәні мұғалімі



