БілімЖаңалықтар

«МЫҢ АЛҒЫС СІЗГЕ, ҰСТАЗЫМ!»

Өткен аптада Ұстаздар күніне орай «Мың алғыс сізге, Ұстазым!» атты мерекелік салтанатты шара өтті. Мерекелік кешке аудан әкімі Сәкен Ғазизұлы аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық білім бөлімінің басшысы, білім беру ұйымдарының басшылары, ардагер ұстаздар, педагогтер, марапат иелері және шақырылған қонақтар қатысты.
Шара барысында «Ұстаз – ұлы есім» тақырыбындағы фотокөрме ұйымдастырылып, ауданымыздағы 33 білім беру ұйымында еңбек етіп жүрген педагогтердің кәсіби портреттері көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрме – ұстаз еңбегіне деген құрмет пен ризашылықтың ерекше көрінісі болды.
Мерекелік кеште ұстаздық мамандықтың тарихы мен бүгінгі бейнесін сабақтастырған «Дәуірлердің қаһарманы – мұғалім» қойылымы ұсынылып, ұстаз еңбегінің қай кезеңде де қоғам үшін маңызы зор екені көрініс тапты.
Шара барысында білім саласында еселі еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздар мерейлі 70-75 жас төсбелгісі облыстық білім басқармасының, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен, қаржылай сертификаттармен, және кәсіподақ ұйымдарының марапаттарымен марапатталды.

Related Articles

Back to top button