Білім
Соңғы тоқсанның салмағы
ЕЛІМІЗДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 4-ШІ ТОҚСАНЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БҰЙРЫҒЫМЕН АЛТЫНШЫ СӘУІРДЕН БАСТАП ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ ЖҮЙЕСІМЕН БАСТАЛҒАНЫ БАРШАҒА МӘЛІМ. ОСЫ ОРАЙДА БІЗ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ СЕРІК МЕРУЕНОВПЕН АРНАЙЫ СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК. ЕНДЕШЕ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ШАҒЫН СҰХБАТЫМЫЗДЫ ҰСЫНАМЫЗ.
— Саламатсыз ба! Қашықтан оқыту жүйесі бойынша аудандағы ахуалға тоқталып өтсеңіз.
— Ауданымыздағы 23 білім беру ұйымында 3290 білім алушыға оқу процесі «Балапан», «Еларна» телеарнамен электрондық құрылғылармен және тапсырмаларды курьерлердің көмегімен үйге жеткізу қызметі арқылы жүргізілуде. Атап айтсақ:
- Электрондық құрылғылармен интернет желісі арқылы, не ұялы байланыс желілермен барлығы 1797 білім алушы қамтылды. Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде – 455 білім алушы, Ойыл қазақ орта мектебінде — 448 білім алушы, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясында — 405 білім алушы, Ш.Берсиев атындағы орта мектебінде — 269 білім алушы, Құрман орта мектебінде – 220 білім алушы. Ата-аналардың көмегімен оқушылар толық электрондық құрылғылармен қамтылды. 15 отбасының 45 оқушысына мектептер тарапынан жауапкершілік міндеттеме ала отырып берілді. Әлеуметтік жағдайы томен көп балалы отбасылардың балаларының білім алуына жағдай жасау мақсатында 100 ноутбукке сұраныс беріліп, облыстық бюджеттен алынып таратылды.
- Елді мекенде интернет желісінің жоқтығына және ұялы байланыс желісінің әлсіз болуына байланысты оқу процесі курьерлердің қызметі арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне 18 мектептің 1493 білім алушысы тартылды. Мұғалімдердің, курьерлердің жұмыс істеу кестесі жасақталып, санитарлық жағдайлар қатаң бақылауда. Санитарлық-эпдемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында қажетті залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, білім беру ұйымдары бақылауда ұстауда. Қажетті материалдармен қамтамасыз етілді. Мектептерге дезинфекция жұмыстарын жүргізетін «АОО Дезинфекция» және «ТОО БиоСанитария» сынды мердігерлер өз жұмыстарын жасауда.
— Бөлімдік жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау бойынша тоқталып өтсеңіз?
— Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына 13 сәуірдегі №140 бұйрықпен толықтыру енгізілді. Қашықтықтан оқыту кезінде «үй тапсырмасы» деген дәстүрлі ұғым болмайды, сабақ кезінде пәні мен сыныбына қарай оқушы орындайтын оқу жоспарына сәйкес пәндер бойынша оқу тапсырмалары дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 30.04.2020 жылғы №168 бұйрығы негізінде 8 сәуір 2020 ж № 135 бұйрығына өзгерістермен толықтырулар енгізілді.
БЖБ және ТЖБ тапсыру білім беру ұйымы бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі (жеке кестені ескере отырып).
БЖБ-ны өткізу уақыты – 20 минут, ТЖБ-ны өткізу уақыты – 40 минут.1-4-сынып білім алушылары үшін БЖБ және ТЖБ өткізу уақыты регламенттелмейді.
БЖБ және ТЖБ мазмұны пән бойынша Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес өтілген оқу материалын қамтуы қажет.
1-10 сынып оқушыларына арналған БЖБ, сондай-ақ ТЖБ оқу тапсырмаларын педагог жасайды.
Тілдік пәндер бойынша БЖБ және ТЖБ-да айтылым және тыңдалым дағдыларын тексеруді талап ететін оқыту мақсаттары кірмейді. Бұл ретте жазу және оқу дағдылары үшін ең жоғары балл 15 баллды құрайды.
Төртінші тоқсанда мұғалім бөлім бойынша жиынтық бағалауды 1 рет өткізеді БЖБ (4-11 мамыр):
Жиынтық бағалау өткізу барысында Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына сәйкес келесідей талаптарды басшылыққа алады:
-
- «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін» пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді.
- Жиынтық бағалау жұмысының нақты күнін көрсетеді.
Төртінші тоқсанда мұғалім тоқсан бойынша жиынтық бағалауды 1 рет тоқсанның соңында өткізеді ТЖБ (18-22 мамыр):
11-сыныпта «Алгебра және геометрия», «Информатика», «Биология», «География», «Физика», «Химия», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Шет тілі», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық» пәндері бойынша ағымдағы бағалар және 4-тоқсанның қорытынды бағасы қойылады, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «есептелді»/ «есептелінбеді» қойылады.
11-сыныпта «Дене шынықтыру», «Технология», «Алғашқы әскери дайындық» оқу пәндері бойынша жылдық баға 2019-2020 оқу жылының 1,2,3-тоқсандарының қорытындысы негізінде қойылады. Төртінші тоқсанда журналға ағымдағы бағалар мен тоқсандық баға қойылмайды, тек сабақ тақырыптары мен ұсынылған оқу тапсырмалары толтырылады.
— Ұлттық бірыңғай тесітлеу қай уақытта, қалай өтеді?
— Ұлттық бірыңғай тестлеудің нақты уақыты бекітілген жоқ. Әйтсе де төтенше жағдайға байланысты Бірыңғай ұлттық тестілеуге өтініш рәсімдеу ҚР БҒМ-нің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сай онлайн режимінде өткізілді.
2019-2020 оқу жылында 11класс бітірушілер саны-182, ҰБТ-ге қатысуға өтініш бергендер-168 оқушы.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелерінің ашықтығы мен объективтігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.
- Металл іздегіш (қолдай) – 2 дана
- Металл іздегіш (кабина) – 1 дана
- Кабинеттер, дәліздер талапқа сай бейнебақылаумен жасақталған.
- Байланыс желілерін тұншықтырғыштар — 8 дана
- Қызу өлшеуіш (тепловизор) — 2дана
- Заласыздандыратын сұйықтар (антисептиктер), маскалар, қолғаптармен қамтамасыз етіледі.
- «Дезинфекция» АҚ-мен заласыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін келісім-шарт жасалды.
— Төтенше жағдай кезінде қоңыраулатып көпшілік шара ұйымдастыруға болмайтыны белгілі. Ал, биыл білім ошақтарында соңғы қоңырау салтанаты өте ме? Негізгі, орта білім алушы түлектердің куәліктері қалай табысталады?
— Білім беру ұйымдарының мұғалімдері 26 мамырдан бастап кезекті еңбек демалыстарына шығады. Соңғы қоңырау салтанаты өтпейді. Бірақ, 9,11 сынып оқушыларына мемлекеттік орта, негізгі білім туралы куәліктер 3,4 маусымда тапсырылады. Оқушыларға куәліктерді тапсыру ашық алаңда күндізгі уақытта ұйымдастырылады. мектеп бітірушілердің кешкі мерекелік шараларына тиым салынады.
Сұхбаттасқан:
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.