Денсаулық

ВАКЦИНА — ТУЛЯРЕМИЯДАН ҚОРҒАЙДЫ

Күз және көктем айларында табиғи ошақтарда жұқпалы аурулардың белсенділігі артады. Солардың ішінде ең қауіптісі, әрі жиі кездесетіні — туляремия. Жыл сайын бұл дерттің алдын-алу мақсатында мамандар  дабыл қағып, сақтық шараларын жүргізеді. Аурудан қорғанудың ең тиімді әрі ғылыми дәлелденген жолы — дер кезінде екпе (вакцина) алу. Туляремияға қарсы вакцинация – аурудың алдын-алудың ең пәрменді әдісі. Қолданылатын тірі туляремиялық вакцина жоғары тиімділігімен ерекшеленеді. Екпе егілгеннен кейін шамамен 20-30 күннен соң ағзада берік иммунитет қалыптасады. Бұл қорғаныс адам бойында 5 жылға дейін сақталады. Бес жыл өткен соң, қажеттілікке қарай, ревакцинация (қайта екпе салу) жүргізіледі. Вакцинаны туляремия ошағы бар аймақтарда тұратын тұрғындарға, сондай-ақ  қауіп-қатер тобына жататын мамандарға (мал шарауашылығы қызметкерлеріне, егіс даласында жұмыс істейтіндерге, аңшыларға және орманшыларға) екпе салдыру өте маңызды. Вакцинация 7 жастан асқан балалар мен ересектерге тері үстіне (сызат түсіру арқылы) жасалады. Кез-келген ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын-алған әлдеқайда жеңіл әрі қауіпсіз. Өзіңізді және жақындарыңызды қауіпті инфекциядан қорғаңыз.

Асылзат ӨТЕПБЕРГЕНОВА,

Ойыл  обаға  қарсы күрес бөлімшесінің бастығы.

Related Articles

Back to top button