Жаңалықтар

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – РУХАНИ БАЙ ҰЛТ

Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастыратын, сөздік қорын байытып, рухани дамуына жол ашатын маңызды құндылықтардың бірі. Елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ұлттық әдеби мұрамызды насихаттау мақсатында «Кітап оқитын ұлт» марафоны ұйымдастырылуда.

Осы бастама аясында Ойыл кәсіптік колледжінің кітапханасында білім алушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталған танымдық шаралар өткізіліп, көркем әдебиеттің адам өміріндегі маңызы кеңінен насихатталуда. Марафонның басты мақсаты – жастарды кітап оқуға баулу, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап арқылы білімді, саналы әрі рухани бай ұрпақ қалыптастыру. Кітап оқу барысында әрбір оқырман жаңа әлемге саяхат жасап, түрлі кейіпкерлердің өмірімен танысады, олардың тағдырынан сабақ алады. Әсіресе, қазақ әдебиетінің көрнекті шығармалары жас ұрпаққа адамгершілік, адалдық, отансүйгіштік пен жауапкершілік қасиеттерін дәріптейді. «Кітап оқитын ұлт» – жай ғана марафон емес, бұл – ұлттың рухани дамуына бағытталған маңызды бастама. Себебі кітап оқитын ұрпақтың ойы ұшқыр, танымы терең, болашағы жарқын болмақ. Кітаппен дос болу – білімге бастар жол. Ендеше, кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырып, рухани бай ұлт қалыптастыруға бірге үлес қосайық! Кітап оқыған озады, кітаппен өскен ұрпақ ел болашағын қалыптастырады! Ендеше, құрметті оқырман, кітап оқуды бүгіннен бастайық! Кітапқа уақыт бөліп, рухани байлығымызды арттырайық. Балаларымызға кітап оқуды үйретіп, жастарымызға үлгі болайық. Әрбір отбасында кітап оқуға деген дәстүр қалыптассын! Кітап – білімнің кілті, руханияттың шамшырағы. Кітап оқитын ұлт қана білімді, саналы әрі бәсекеге қабілетті болашақ қалыптастыра алады. Келіңіздер, бірге кітап оқиық! Кітапты сүйейік, білімге ұмтылайық! Кітап оқуды сәнге емес, өмірлік әдетке айналдырайық!

Кітап оқитын ұлт болайық! Өйткені кітап оқитын ұрпақ – елдің жарқын болашағы!

Айгүл САҒИЕВА,  Ойыл кәсіптік колледжінің кітапханашысы.

Related Articles

Back to top button