Кітап оқитын ұлт – рухани бай ұрпақ кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамалары – өскелең ұрпақтың білімді, саналы, рухани бай болып қалыптасуына жол ашатын маңызды қадам.
Осы мақсатта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Жақсыбайкөл негізгі мектебінің кітапханасында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Кітап оқыған баланың ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры молайып, дүниетанымы қалыптасады.
Құрметті кітап сүйер қауым! Кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырайық! Әрбір оқылған кітап – білімге бастар бір қадам. Ұлттың болашағы – білімді ұрпақтың қолында!
Кітап оқиық, кітаппен дос болайық!
Әсемгүл ҮЗАҚБАЕВА,
Жақсыбайкөл негізгі мектебінің кітапханашысы.



