Басты тақырыпМәдениет

БИ ПАДИШАСЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ҰЛЫ ӨНЕРГЕ «ӘРКІМНІҢ ДЕ ТАЛАСЫ БАРЫН» КӨРСЕТТІ

Ойылдың мерейін өсіріп, даңқын аспандатқан әйгілі биші Нұрсұлу Тапалованың туғанына – 95 жыл толуына орай «Би падишасы –Нұрсұлу» атты шығармашылық фестивалі өткен аптаның жұмасында мәдениет үйінде өткен болатын. Нұрсұлу Тапалованың өнері мен өмірін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған фестивальге Байғанин, Темір, Қобда, Ойыл үш топтың биші қыздары өнерлерін көрсетті. Ең алдымен, жиылған жұртшылыққа Нұрсұлу Тапалованың өмір мен өнері жайлы бейнебаян көрсетіліп, кейінгі ізбасарларға мол мағлұматтар берілді. Әрмен қарай,  аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев сөз сөйлеп, шараға келген қонақтарға алғыс білдіріп, жарысқа қатысушы бишілерге сәттілік тіледі.

 

 

 

Бұл шараға әр ауданын биші жетекшілері жоғары дайындықта келгені жарыс басталмай-ақ көрініп тұрды. Әсіресе кішкентай бүлдіршіндеріміз әуеннің ырғағынан шатаспай, бірге ілесіп жетекшілерінің үйреткендерін айна-қатесіз қайталап көрермендерді тәнті қылды. Толығырақ айтатын болсақ , байқауда 17 би түрі  биленді. Оның ішінде Сезім сыры, Украин, Чунга-чанга, Кең дала, Үнді, Тұран биі сынды қазақи нақыштағы билермен қатар арасында өзге де ұлттардың билері де болды.

 

 

 

Дегенмен бұл жерде қандай биді билесе де барлығының қимыл-қозғалыстарына міз бақпай қадағалаған қазылар алқасы атай кетсек, жерлесіміз, қобызшы, биші ардагер-ұстаз Гүлжан Сағынқызы, Ақтөбе қаласындағы мектептің жоғары санатты хореграфы Гүлмира Қилашева, Ақтөбе қаласындағы Қазанғап өнер мекетбінің хореографы Жұлдыз Мергенбаева сынды би өнерінің жанашылары биші топтардың әр әрекетін саралап қадағалады. Нәтижесінде бас жүлдені Темір ауданы «Алтынай» би тобы алса, 1-ші орынды, Ойыл ауданы, «Маржан» би тобы, 2-ші орынды Қобда ауданы «Шалқыма» би тобы, 3-ші орынды «Әсем» би тобы иеленсе, қалған би топтарына алғыс хаттармен бірге бағалы сыйлықтар және Нұрсұлу Тапалованың суреттерін естелікке берді. Бүкіл саналы ғұмырын өнерге арнаған Нұрсұлу Тапалованының жоқтығын аз да болса бүгінгі кішкентай ізбасарлары басқандай болды. Қазақтың Нұрсұлудай нар қызының есімі ел есінде мәңгілікке қалдыру мақсатында Ойыл өнірінің тумасы Жәрдем Ақбисеновтің «Сағынды, туған жұртың өзіңді!» атты арнауын Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің директоры Балқия Рысбаева оқып, халықтың көзіне жас әкелді. Расымен де, біздің Ойыл өңірінің тұнғыш мойындатқан балерина бишісінің туған жерінен неге ізін жалғастырушы биші шықпасқа? Осындай аталмаш шараға арқау болған Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі мен Ойыл аудандық балалар саз мектебінің ұйымдастырумен өткендігін айта кетпекпіз. Ең бастысы жарық еткен жарық жұлдызымыз Нұрсұлу Тапалова артына өшпестей із қалдырғанына осы кеште тағы да көз жеткіздік.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

Басқа жаңалықтар