Әлеумет

«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»

Жуырда осындай тақырыппен «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы мәдениет және демалыс орталығында теріс діни ағымдардың алдын-алу мақсатында Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында аудан тұрғындарымен кездесу жиыны өтті.

«Нұрлы» ақпараттық кеңес беру орталығы» жеке меншік мекемесінің маманы Кездесу жиынына Мақсат Мұратұлы Құдайберген мен Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Серікжан Еншібайұлы және аудан жастары мен ақсақалдар қатынасты. Жиынды жүргізген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұратбай Айдарбаев облыстық, республикалық деңгейдегі теолог мамандарға сөз бере отырып, қатынасушылар қандайда бір сұрақтар болса, еркін қоюларына ұсыныс жасады. Одан кейін теолог мамандар жастардың жат ағымның жетегінде кетіп қалмау керектігін ескертіп, ата-аналарға балаларының материалдық қажеттілігін ғана жасамай, балаға рухани азық беріп тұру керектігін ашып айтты. Дін ұстанып жүрген діндарлардың бойында көркем мінез болу керек, сондықтан бала діни сауатын арнайы мешіттен алғаны дұрыс. Себебі интернет арқылы дінге кірген бала ата-анасына қарсы шығып, салт-дәстүрге шектеу қояды. Бұл дегенің тікелей діни сауатсыздықтан туындайды. Сондықтан бала тәрбиесі басты назарда болуы қажет. Тәртіпсіз жастарды тәрбиелеп, тентегін тезге салу ел алдында беделді, ауызы дуалы ақсақалдардың абыройлы міндеттерінің бірі екенін де жасырмай атап өтті. Қара басын ойлайтын емес, кезінде бір ауылды бір ауыз сөзімен ұйытып отыратын ақсақалдардың кейінгі буынды тәрбиелеп, ел ішінде тәртіпсіздікті болдырмауы нағыз кемелдіктің айқын көрінісі еді. Сондықтан болар қазірде ақсақалдар тарапынан садақа, қонақасы мәзірінің тәртібі жайында сауалдар көтерілді. Қойылған әр сауалға діни білікті мамандар толыққанды жауап берді. Жиын соңында ақпараттық бейнебаян көрсетіліп, үнқағаздар таратылды.

Р.S. Сонымен қатар, мамандар ауылдық округтер мен арнайы орындарда болып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар