Мәдениет

«Дәстүрлі әдеп аналардан жалғасқан»

Дәл осындай тақырыппен өткен аптада аудандық мәдениет үйінде Халықаралық ауыл әйелдері күніне арналған асыл жанды аналармен кездесу кеші өтті. Биыл еліміздің әр өңірінде айрықша аталып жатқан ауыл әйелдерінің мерекесі біздің ауданда да жоғары деңгейді өткізілді. Толығырақ тарқатсақ, айтулы шара алдымен аудандық мәдениет үйінің фойесіндегі ұлттық нақыштағы қолөнер көрмесімен басталды. Көрмеге ақ жаулықты аналарымыздың қолынан шыққан қарасаң көз тартар тоқыма бұйымдары шығарылды. Сонымен бірге кейінгі буынға үлгі боларлық аналарымыз келіндер мен қыз келіншектерге қойдың жүнін қалай аялау керектігін көрсетті. Ал, келіндеріміз шараға жиылған қонақтарға иіліп сәлем беріп, қарсы алды. Сонымен бірге шараның тағы бір ерекшелігі «Анаға тағзым» фотогалерясы ұсынылып, аналар мен келіндердің шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Айтулы шара әрі қарай ауданның өсіп-өркендеу жолында әр салада тынымсыз тер төгіп келе жатқан өмір тәжірибесі өнеге боларлық ардақты аналарымызбен сұхбаттасу кешімен жалғасты. Әрі қарай аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев барша нәзікжандыларды Халықаралық ауыл әйелдері күнімен құттықтаса, аудан өнерпаздары аналардың құрметіне әннен маржан тарту етті.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар