Мәдениет

«МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!»

Өткен сәрсенбі күні «Шұғыла» мәдени демалыс орталығында 25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік мәдени шарасы өтті.

Шара Республика күні мерекесін кең көлемде атап өту, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын тарихи күннің мән-маңызын жас ұрпаққа ұғындыру, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және ұлттық рухты дәріптеуді мақсат етті.
Мерекелік шара Алаш арыстарына арналған композициямен ашылып, олардың ел мен жер тағдыры туралы ұлағатты сөздері көрерменге үлкен ой салды. Сахна төрінде жүргізушілер тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен егемендікке жету жолындағы маңызды кезеңдерге тоқталды. Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын Республика күнімен құттықтап, елдің дамуы мен бірлігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Мерекелік кеш барысында бейнебаяндар көрсетіліп, еліміздің мемлекеттік рәміздері мен тарихи жетістіктері жайында деректер ұсынылды. Көрініс барысында балалар мен жасөспірімдер елімізге деген сүйіспеншілігін, Отанға деген құрметін көркем түрде жеткізді. Іс-шара соңында барша қатысушылар сахнаға шығып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен жарқын болашағына арналған ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік салютпен қорытындыланды. Бұл шара – егемен еліміздің тарихына тағзым етіп, елдік пен бірлік идеясын ұлықтаған мәнді де мазмұнды мәдени оқиға болды.

Related Articles

Back to top button