Білім
Ана тілді ардақтаған бір топ тұлға марапатталды
Қазақ Халқы тілдері күніне арнайы мерекелік шара өтті. Алаш арысы, ұлтымыздың ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 5 қыркүйекті тілдер күні деп белгілеп мереке күндер тізіміне еңгізген болатын. Осыған орай тіліміздің қамын жеп, ана тіліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар ұстаздар қауымы мен жастар арнайы марапаттарға ие болды.
Мерекелік салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев аталмыш мерекемен құттықтап аудан аумағында тіл саясаты мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуына қосқан зор үлестері үшін бірқатар тұлғаларға марапаттар табыс етті. Еңбектері ескеріліп ел үшін қызмет еткен азаматтар қатарында Наталья Петровна Еңбек ардагері, «Замандас» аналар клубының мүшесі, Ольга Красавина «Достық» клубының мүшесі, Зина Бақытжанова Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Айгерім Масабаева Шәрбану Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Дидар Есенғазина Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Рахима Сағатова Берсиев ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы, Гүлхан Қауметова Берсиев ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы бар. Сонымен қатар «Үш тұғырлы тіл саясаты-жастардың жарқын болашаққа жолы» жастар арасындағы эссе жазу байқауына қатысып, жоғары дәрежеде белсенділік танытқан жастар марапатталды. Байқауда I орынды қанжығасына байлаған Гүлбану Бегалина Ойыл қазақ орма мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі. Жүлделі II орынмен Әбділда Сағынов Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі иеленсе, III орынды Ерсұлтан Нұрланұлы Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы алды. Тұғырлы тіліміздің қадірі мен қасиетін бағалап әсем сөзбен әрлеген барша марапат иелерін құттықтаймыз. Тіл халықтың жаны, жүрегі екені белгілі. Тілін қастерлеген елдің келешегі де жарқын болмақ. Осындайда жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Тек кез келген басшы ғана емес, кез келген азамат тіл тағдырын мемлекет тағдырымен астастыра қарауға үйренуі қажет» — деген сөзі ойға оралады. Алға қарай жасалған әрбір қадамда мемлекеттің өз мемлекеттік тілі қажетті талап деңгейінде өркендемесе, бұл да сол мемлекеттің ілгері жылжуына, толыққанды, әрі төрт құбыласы түгел ел атануына айтарлықтай зор мүмкіндіктер туғызбайтыны сөзсіз.
Венера АСҚАРҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.