ӘкімдікБасты тақырып
Білім «кемесінің» бүгіні мен белесі
Жаздың соңғы күні жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымымен алда тұрған басты міндеттерді айқындайтын, негізгі мәселелер жөнінде ой түйіндеуге, пікір алысуға, білім сапасын жаңа серпіліспен бастауға бағыт беретін, маңызды зияткерлік басқосу «Білімді ұлт — тұрақты даму кепілі» атты ауданның білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.
Ауданның тамыз кеңесіне аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, білім бөлімінің басшысы және де білім мен ғылым қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлмира Избагамбетова, ардагер ұстаз Марал Еркінова мен ауданның жалпы білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру саласының қызметкерлері қатысты.
Пленарлық мәжіліс барысында 2020 -2021 оқу жылындағы ауданымыздың білім беру саласындағы атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге тоқталып, алдағы басталғалы тұрған жана оқу жылына жүзеге асырылуға тиісті жаңа мақсаттар мен міндеттер туралы аудандық білім бөлімі басшысы Серік Меруенов баяндама жасады. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев ұстаздар қауымын айтулы мерекемен құттықтай отырып, өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді. Одан соң сөз алған ардагер ұстаз Марал Бегалықызы жаңа оқу жылына толағай табыстар тілеп, ұрпақтар сабақтастығы үлгісімен жас маманға сертификат табыстады.
Ауданымыздың білім беру саласының қарқынды дамуына үлес қосып, тынымсыз еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздар қауымы ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарымен, Облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен, Облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен, Аудан әкімінің алғыс хаттарымен және аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.