Әкімдік

Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды!

Жуырда аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен осындай тақырыпта аудандық форум өтті. Форум жұмысына аудан прокуроры Нұрлыбек Жолаев пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Берекенов қатысты.
2019 жылдан бастап облысымызда құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына қоғамды тартуға бағытталған  іс-шара Жоспары жүзеге асырылуда.
Бұл жоба қоғам потенциалын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты бірінші бастаған кезде жоспар құрылған болатын. Ақтөбе облысы әкімімен бекітілген «2021-2022 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алуға қатысты ведомствоаралық  іс-шаралар жоспары» мен «2020-2025 жылдарға арналған жұртшылықты құқықбұзушылықтар профилактикасына тарту жөніндегі ведомсвоаралық іс-шаралар жоспары» аясында «2021-2022 жылдарға Ойыл ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары» әзірленді. Қоғамдық көмекшілер институтын қайта жаңғырту шаралары  тұрғындар тарапынан оң қабылданды. Азаматтық қоғам күші болмаса полиция қызметінің шамасы жетпейді. Сынамалы тәртіпте аралау аудандары анықталып, қоғамдық көмекшілер рейдтік шаралар жүргізе бастады.

Форум жқмысында алдымен аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Берекенов баяндама жасады. Одан кейін жобаның жүзеге асырылу барысы туралы Ойыл ауданының прокуроры Нұрлыбек Жолаев өз ойын білдірді. Форумның соңында қатысушылар пікір алмасып, қоғамдық көмекшілер марапатталды.

Басқа жаңалықтар