Білім

Облыстықтық турнирден  Ойылдық оқушылар жүлдемен оралды

Жуырда Ақтөбе қаласында өткен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған пневматикалық винтовкадан нысанаға көздеп атудан облыстың жалпы білім беретін мектептердің оқушы қыз балалары арасында өткізілген «Мерген Әлия – 2022» әскери патриоттық турнирі өтті.
Ғылымнан да, өнерден де топ жарып жүрген ойылдық оқушылар айтулы турнирге арнайы қатысты. Ауданымыздың атынан шыққан Саға мектеп балабақшасының 8 класс оқушысы Аружан Сағынғалиева, Ш.Берсиев атындағы орта мектебінің 11 класс оқушысы Балжан Жолболды, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің 10 класс оқушысы Жанель Жапатова команда бойынша ІІІ орынмен оралды. Мергендігі бойынша бақтарын сынаған оқушыларымыздың арасында Аружан Сағынғалиева ІІІ орынды жеңіп алды. Турнир соңында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің директоры Е.Қалтаева  медаль, кубокпен марапаттады. Осы тұста оқушыларды мергендікке баулып, жетекшілік етіп жүрген ұстаздарының да еңбегін айта кеткеніміз жөн.

Басқа жаңалықтар