Басты тақырып
«Балалар жылы» ДӘРІГЕРЛЕР АУЫЛҒА КЕЛДІ
«Балалар жылы» аясында атқарылып жатқан жұмыстардың бірі - бүгін ауданға облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері ауданға келіп қабылдау жүргізіп, емдерін тағайындап, кеңестерін берді.
Ойылға бүгін арнайы келген невролог Ақжібек Есқали, лор дәрігері Светлана Қауысова мен педиатр Ирина Челиктер сырқаты мазалаған балаларға ем жүргізіп, аналарына кеңес, кейбір балаларға облыстық ауруханаға жолдама берді.
Ал облыстың бас балалар хирургі, жерлесіміз Болат Медетбаев екі балаға тегін ота жасады. Сонымен қатар, қабылдау жүргізіп, бірнеше балаға облыстық ауруханаға жолдама берді. Жерлесіміз бұған дейінде «Туған жерге тағзым» акциясының аясында да бірнеше рет келіп талай баланың дертіне дауа болар ота жасап, жылдар бойы мазалаған азаптан арылтып, елдің алғысына бөленген азамат.
Тек Ойылдың ғана емес, орблыстың балаларын бақытқа бөлеп жүрген жуырда пайғамбар жасына толып, зейнеткерлікке шыққалы отырған Болат Базарұлының омырауына аудан әкімі Асқар Қазыбаев «Ойыл ауданына 100 жыл» мерекелік медалын тағып, арнаулы сыйлығын табыстады. Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев иығына шапан жауып, әріптестерінің мерекелік лебізін жеткізді.
Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ.