«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, қайырлы болу халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде әртүрлі тұрмыстық, әлеуметтік қиындықтар тумауы мүмкін емес.
Әртүрлі өмір қиындықтарына тап болған жандарға жанашыр болу Ойыл жастарының әрдайым жадында. Осы орайда Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы ағымдағы жылдың 21—22 шілде аралығында «КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ» атты шағын футболдан қайырымдылық турнирін ұйымдастырды.
Ерлік әдетте жұмсақ мінезді серік етеді, сондықтан ер жүрек адам қайырымдылық жасауға басқадан гөрі қабілетті келетінін білеміз. Осындай рухты жастардан құралған 8 команда қайырымдылық турниріне қатысып, 8 отбасын қуантты.
«КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ» атты шағын футболдан қайырымдылық турниріне Темір ауданы, Кенкияқ кентінен, Ойыл ауданының орталығынан және ауылдық округтерден қатысқан командалар ішінен «Белсенді қатысқаны үшін» «Қараой» мен «Сәт» командасы марапатталса, үшінші орынға «Кенкияқ» қол жеткізді. Екінші орынды «1991» командасы еншілесе, бас жүлдеге «Ойыл» командасы ие болды. Сонымен қатар «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша екі жасқа, «Үздік қорғаушы номинациясы бойынша екі жасқа, » Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша екі жасқа алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар берілді. Жоғарыда айтыа өткеніміздей, турнирден түскен 80 мың теңге Ойылдағы төрт мұқтаж отбасына берілді.