ӘкімдікБасты тақырып
ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ – ЕРТЕҢГЕ БАҒДАР
Өткен апта аудан әкімі Асқар Қазыбаев Ақшатау, Қаракемер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындармен кездесу жиынына аудан прокуроры Нұрлыбек Жолаев пен бірқатар мекеме басшылары қатынасты. Онда алдымен аудан басшысы 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын тазалық жұмыстарына белсенділік танытуға шақырды.
Қаракемер ауылының тұрғындары электр бағаналары мен желілерін жаңалау, көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, Ақшатау мен Қаракемер ауылының тұрғындары ауылда бұралқы иттердің қаптап кеткеніне де назар аударуды сұрайды. Оған жауап берген Ақтөбе облысы ветеринариялық басқармасы Ойыл аудандық филиалы бас маманы Арсланбек Алдияров бұралқы иттерді ұстау-бағу, аулау тәртіптерін түсіндіріп өтті. Тұрғындармен кездесуде ауылдың тазалығы, малдың күтімі, жол қатынасы сынды мәселелерді де көтерді.
Кездесуден соң, аудан басшысы екі ауылда да тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады. Жеке қабылдауға бірқатар мекеме басшылары да қатысты.
Г.АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл- Ақшатау- Қаракемер- Ойыл.